«HALYQ DAUYSY» халықаралық музыкалық фестивалінің жеңімпаздары 26 мамыр күні Ертіс променадта өнер көрсетеді.
«HALYQ RADIOSY» 85 жылдығы аясында ұйымдастырылған «HALYQ DAUYSY» халықаралық музыкалық фестивалі қорытындылануда.
Оның жеңімпаздары, нақтылағанда балалар мен жасөспірімдер арасынан екі үздік және 16 жастан жоғары қатысушылар арасынан суырылып шыққан жеңімпаз және Халық радиосының арнайы сыйлығы иегерлері Ертіс променад сахнасында өнерлерін паш етіп, марапаттарын алады. Халық радиосы өз жұмысы аясында жас дарындарды қолдап, жаңа есімдер мен әндердің танымал болуына жол ашумен келеді. Фестиваль мақсаты да сол – халық арасынандағы талантты жандарды, жастарды қолдау, халыққа таныстыру.
Бұл кешке эстрада жанрында танымал боп жүрген әнші Мирас Жүгінісов арнайы шақырылды. Кеш шымылдығын Халық радиосының таң кз жүргізушілері ашып, концерттік бөлім көрігін белгілі КВН ойыншысы Данияр Джумадилов қыздырады. Сондай – ақ бұл кешке эстрада әншісі Еңлік, «Аdai» триосы, Hatikoali сияқты өнерпаздар шақырылған. фестииваль басталуы 26 мамыр күні, Ертіс променад сахнасында, 19:00де